"Бірі - мас, екіншісінің жүргізуші куәлігі жоқ". Ақтөбеде әкелі-балалы екеу ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде құқық бұзушылыққа жол берген әкелі-балалы екеу ұсталды. Біріне "жол ережесін бұзды", екіншісіне "тәртіп сақшылары талабына бағынбады" деген айып тағылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 шілдеде Әбілқайыр хан даңғылы бойында патрульдік полиция жасағы жол қозғалысы ережесін бұзған Nissan X-Trail автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ 22 жастағы жігіт отырғаны анықталды.

"Әкімшілік хаттама толтырылып жатқан сәтте оқиға орнына оның әкесі мас күйде келіп, полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдірген. Ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, олардың қызметтік әрекеттеріне кедергі келтірген. Құқық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ал көлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға шақырады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды