"Шашын жұлып, аяғымен тепкен". Шымкентте автобуста төбелескен әйел адам сотталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте 8 тамызда жолаушылар автобусында қыз баланы ұрып-соққан әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 2025 жылдың 25 маусымда Республика даңғылы бойында орналасқан Рахат аялдамасында №21 қоғамдық көлікте бола тұра, бұзақылық ниетпен С. жәбірленуші Б-ның шашынан ұстап, жұлқылап, бірнеше рет теуіп, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптама қорытындысымен, түсірілген бейнежазбасымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Жәбірленуші кешірім бермей, сотталушыға заңда көзделген жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, жас баласы барын айта бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сот, С-ны ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Жамбыл облысында шартты түрде сотталған төрт адам рақымшылыққа ілінгені белгілі.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды