Жамбыл облысында шартты түрде сотталған төрт адам рақымшылыққа ілінді

Сот үкімі, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, рақымшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 18:47 Сурет: Zakon.kz
Мойынқұм аудандық соты ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған "Рақымшылық жасау туралы" Заң аясында төрт сотталған азаматқа қатысты пробация қызметінің ұсыныстары бойынша материалдарды қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, олар әртүрлі мерзімге шартты түрде сотталған:

  • азамат О. 2024 жылғы қарашада ұрлық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;
  • азаматша С. 2025 жылғы мамырда өзгеге күш қолданғаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;
  • азамат Ө. 2024 жылғы қарашада адамдар тобымен бұзақылық жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеуге;
  • азамат А. 2024 жылғы қарашада айтарлықтай залал келтіре отырып, заңсыз балық аулағаны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге сотты болған.

Аталған баптар ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады және "Рақымшылық жасау туралы" заңда көрсетілген критерийлерге сәйкес келеді. Сот отырысында сотталғандар пробация қызметінің ұсыныстарын толығымен қолдап, соттан оларды негізгі жазадан босатуды сұрады.

Сот іс материалдарын зерттегеннен кейін ұсыныстар қанағаттандырылды.

"Сотталғандар "Рақымшылық жасау туралы" Заңның 2-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес негізгі жазадан босатылды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2025 жылы 23 маусымда Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: