Бишімбаевтың інісі рақымшылыққа ілікті
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Сот 2024 жылғы 13 мамырда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың үкімімен Б.-ға ҚК-нің 432-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын анықтады.
Сот сотталған Б.-ға қатысты өтінішті келесі негіздер бойынша қанағаттандырды:
Қылмыстық кодекстің 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың жазасы қысқартылуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне сәйкес залал өтелген немесе олар болмаған жағдайда ауыр қылмыстар үшін негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімдері немесе мөлшерлері үштен біріне қысқартылады.
Сот үкімімен Б.-дан өндірілген мәжбүрлі төлем және процессуалдық шығындар толығымен өтелді.
Сот ұйғарымымен ҚАЖ мекемесінің сотталған Б.-ның жазасын жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес сотталған Б.-ның жазасының өтелмеген бөлігі 1/3 бөлігіне қысқартылып, соңғы өтеу мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.