Алматыда жол талғамайтын көлік 11 жасар баланы қағып, мерт етті

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 10 тамызда Алматы қаласының Наурызбай ауданында жол апаты орын алды. Жол талғамайтын көлік 2013 жылы туған баланы қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Range Rover жүргізушісі А. Хегай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, алдынан шыққан баланы қағып кеткен. Көшенің тар екенін де баса айта кетелік.

Сурет: Zakon.kz

"2013 жылы туған бала жол үстінде болған. Өкінішке қарай, апат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты", деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Сурет: Zakon.kz

Адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Қаламқас кен орнында жол апаты болып, екі адам зардап шеккенін жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті