Қазақстанда платформалық жұмыспен қамтудың бірыңғай тәсілдері әзірленді
Фото: unsplash
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаның мақсаты – платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру тәртібін белгілеу, интернет-платформа операторлары, тапсырыс берушілер мен орындаушылар арасындағы ашық әрі теңгерімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Құжат интернет-платформалар мен мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсететін немесе жұмыс орындайтын жеке тұлғалардың қызметіне қатысты.
Сондай-ақ интернет-платформалар арқылы жұмыс істеу талаптарының ашықтығын арттыру және орындаушыларға оларды пайдалану шарттары туралы толық ақпарат беру жоспарланып отыр.
Бұйрық жобасын қабылдау нәтижесінде:
- платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдері қалыптастырылады;
- интернет-платформалар арқылы атқарылатын қызмет талаптарының ашықтығы қамтамасыз етіледі;
- орындаушылардың интернет-платформаларды пайдалану шарттары туралы хабардарлық деңгейі артады.
Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript