Қазақстандықтардың зейнетақысына қатысты ережеге өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
Үкімет 2025 жылғы 18 тамыздағы қаулысымен зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, түзетулер БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған емдеуге ақы төлеу, оларды БЖЗҚ-ға қайтару мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына енгізілді.

Зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген адамдарға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері бойынша проактивті қызмет көрсету мақсатында БЖЗҚ жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін, Мемлекеттік корпорациямен көрсетілген адамдарда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Мемлекеттік корпорация салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияның зейнетақы төлемдері графигіне сәйкес аударады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініштерде көрсетілген алушылардың банктік шоттарына аударады.

Бұл ретте алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған кезде ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсеткен кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде тіркелген электрондық өтінімдер бойынша не міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар ұсынып, тіркелген өтініштер бойынша Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияда тіркелген электрондық өтінімдер, өтініштер туралы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемін алуға келісімі беріледі.

БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдері сомаларын Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдерінің графигіне сәйкес аударады.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері өтініште көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары салымшысының оларды алуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын алушылардың өтініште көрсетілген банктік шоттарына аударады.

Зейнетақы төлемін алушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған келісімдер негізінде жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап белгіленеді және алушы осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін немесе зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемін алушының электрондық өтінімі не өтініші тіркелген күн зейнетақы төлемі тағайындалған күн болып есептеледі.

БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын қайта есептеуді өзі жүргізеді.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың, не шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының, не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне не шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттың күші жойылуына не Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты өтініш жасаған шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болмауы немесе жарамсыздығы туралы мәліметтер алынған жағдайда БЖЗҚ зейнетақы төлемін осы Қағидалардың 26-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшерінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотында бар қаражатынан аспайтын шекте қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен жерлеуге арналған бір мәрте төлем жүргізеді.

Егер қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы жерлеуге бір мәрте төлем жүзеге асырылғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда бұл қалдық БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналары:

Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары Әлеуметтік кодекстің 76-бабының 1-тармағына, 117-бабының 1-тармағына және 174-бабының 3-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде ұсталады.

Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын кейбір нормаларды қоспағанда, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды