Жұмыс берушілер енді ЕШЕБЖ-ға уақытылы ақпарат енгізбегені үшін айыппұл арқалауы мүмкін

Фото: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 98-бабына мынадай толықтырулар енгізу ұсынылады:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскермен жасалған еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы, оған енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу тәртібін бұзуы, оның ішінде:

лауазымды тұлғаларға отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Көзделген әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған жағдайда: лауазымды тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

ҚР Еңбек кодексімен 2020 жылы жұмыс берушілерге ЕШЕБЖ-да еңбек шарттарын тіркеу бойынша міндеттеме бекітілді. Алайда, жұмыс берушілер ақпаратты Ережеде белгіленген мерзімде енгізбейді, сондай-ақ дұрыс емес ақпаратты енгізеді.

Осыған байланысты, ЕШЕБЖ-ға сенімді ақпаратты уақтылы енгізу бойынша жұмыс берушілерге әкімшілік жауапкершілік белгілеу ұсынылады.

"Бұл шара жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын ресімдеу, жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заңнаманы сақтауға неғұрлым жауапты көзқарасына, сондай-ақ мемлекеттік деректер қорындағы мәліметтердің тазалығы мен өзектілігіне ықпал ететін болады",-делінген ақпаратта.

Құжат 10 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды