Алматы облысында кісі өлтіріп, бала ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полиция департаменті ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 6 қыркүйекте ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев хабарлады.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті мен жәбірленуші арасында бұрын тығыз қарым-қатынас болған. Жанжал кезінде ер адам жәбірленушінің ағасына мылтық кезеніп, оқ атқан. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Осыдан кейін күдікті баланы ұрлап, ізін суытқан.

ІІМ қаскөйдің жеке басы анықталғанын, жедел-іздестіру іс-шаралары басталғанын хабарлады. Арнайы операция барысында полицияның арнайы жасағы қыз баланы босатты. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, бала анасына берілді және дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Көп ұзамай күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. Қылмыс құралы - шолақ мылтық тәркіленді.

Ішкі істер министрі арнайы операцияны жеке бақылауда ұстады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында жасөспірім қызды азаптаған екі әйелдің ұсталғаны хабарланған болатын

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды