Прокуратура Талғар ауданының полицейлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының прокуратурасы бір адаммен зорлау, кісі өлтіру, бала ұрлау қылмыстарының жасалуына байланысты Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат прокуратура сайтында жарияланды.

"2025 жылғы 6 қыркүйекте облыс прокуратурасымен Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша (ҚК 370-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Олардың тарапынан зорлық жасады деген күдіктіні ұстау және қажетті шаралар қабылдау бойынша әрекет жасалмаған. Нәтижесінде күдікті Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаған", делінген хабарламада.

Аталған қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2025 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысының полиция департаменті ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғағанын жазғанбыз. Сондай-ақ адвокат Гауһар Сариева Талғарда ұрланып, кейіннен полицейлердің көмегімен анасына қайтарылған қыз баланың жағдайы мен аталған оқиғаға қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, баланың жыртылған тіліне шағын ота жасалған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі