Су есептегіші жоқ тұтынушылар үшін су тұтынуды есепке алу ережелері бекітілді

Фото: freepik
2025 жылғы 29 тамыздағы бұйрықпен Өнеркәсіп және құрылыс министрі су тұтынушылары үшін, су есептегіші болмаған немесе қалдық суларды есепке алатын құралдары жоқ тұтынушыларға су мен су ағызу қызметтерінің көлемін коммерциялық есепке алуды реттейтін Ережені бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Коммерциялық есепке алу — коммуналдық ресурсты тұтыну көлемінің сандық көрсеткіші, ол су және су ағызу қызметтерінің уақытша есептегіш құралдары болмаған кезде немесе есептегіш құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ көппәтерлі тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшін төлемді есептеу мақсатында орташа тәуліктік есептік мөлшер ретінде жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.

Коммерциялық есепке алу су немесе су ағызу қызметін көрсететін ұйым, немесе тұрғын пунктіндегі су немесе су ағызу жүйелерінің меншік иесімен шартқа негізделген қызмет көрсетуші басқа ұйым арқылы жүргізіледі.

Коммерциялық есепке алу көп пәтерлі тұрғын үйде сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу негізінде жүргізіледі және бір адамға тәулік ішіндегі литрде кететін су шығыны есебінен есептеледі.

Тұтыну нормасы үйге ортақ ішкі сумен жабдықтау жүйесін дұрыс техникалық пайдаланғанда, суды үздіксіз берген кезде және жергілікті климаттық жағдайды ескеріп, абаттандыру дәрежесі бірдей тұрғын үй ғимараттарында су тұтынудың орташа тәуліктік көлемін айқындайды.

Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы тікелей бірлесіп басқару не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы кезінде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері растайтын суды есепке алудың жалпы үйлік аспаптары көрсеткіштерінің статистикасы негізінде белгіленеді.

Нақты су тұтыну жөніндегі деректер елді мекеннің абаттандыру мен климаттық жағдай дәрежесі бірдей тұрғын үйлер бойынша топтанады.

Есептеу кезінде үйге ортақ орнатылған немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде судың нақты шығысын заттай зерттеу кезінде уақытша орнатылған су есептеу аспабының көрсеткіштерінің негізінде соңғы 3 жылдың ішінде нақты су тұтыну жөніндегі деректер есепке алынады.

Тұрғын үйдің орташа нақты су тұтынуын есептеу үшін кемінде 20 тұрғын үй бойынша деректер қолданылады. Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде оларды елді мекендегі тұрғын үйлердің жалпы санының 10%- дан кем емес санға дейін қысқартуға болады. 

Жеке тұлғалар жыл сайын суды белгіленген нормадан артық нақты тұтынған жағдайда, сумен жабдықтау жөніндегі ұйым тұрғын үй секторында заттай өлшем деректерінің статистикасы бойынша есептелген қолданыстағы тұтыну нормаларын қайта қарау жөніндегі ұсынысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне енгізеді.

Нақты су тұтынуды өлшеу кезінде тұрғын үйде тұратын адам саны сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың абоненттік қызметінің деректерін тексеру және уәкілетті су тұтынушы адамдардың қатысуымен әр пәтерге бару арқылы қабылданады.

Сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын есептеу кезінде көп пәтерлі тұрғын үйдің абаттандыру дәрежесі мынадай қаралады:

Бірдей жай-күйдегі тұрғын үйлердегі су тұтыну нормасы төмендегі формула арқылы есептеледі, ол:

Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасына тең қабылданады. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде, адамға шаққанда су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы белгіленген ыстық суды тұтыну нормасы есепке алынып анықталады.

Бұйрық 2025 жылдың 19 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды