Жамбыл облысында бірнеше көліктің өртенуіне түрткі азаматқа рақымшылық жасалды

Сурет: ҚР ТЖМ
Жамбыл облысы Шу аудандық сотында автосервис қызметкеріне қатысты бөтеннің мүлкін абайсызда жою/бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі 2025 жылы 9 қыркүйекте хабарлады.

"2025 жылдың қаңтарында сотталушы Шу қаласындағы техникалық жөндеу орталығының бір боксын жалға алып, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамады. Салдарынан көліктердің бірінің кабинасында өрт болды, ол бүкіл боксқа тез тарап, бірнеше автомобильдер мен жабдықтарды зақымдады. Өрт салдарынан жеті жәбірленушіге жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді", делінген сот хабарламасында.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.  Жәбірленушілер жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам азаматтық талап қойды, алайда кейінірек азаматтық талап қою арызды қараусыз қалдыру туралы арызбен жүгінді. Яғни, сотталушыны кешірді.


"Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-ның 204-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Рақымшылық жасау арқылы сотталушы жазасын өтеуден босатылды". Шу аудандық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі