Ақмолада баспана сатып алғысы келген әйел алаяқтың құрығына түсіп, қомақты ақшасынан айырылды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Степногорск полицейлері пәтер сатудың жалған схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаменті Степногорск қаласының тұрғыны 2023 жылы баспана сатып алу үшін 1 млн 700 мың теңгені біреуге бергенін, алайда жылжымайтын мүлікке сол күйі қол жеткізе алмай жүргенін айтып, полиция басқармасы көмегіне жүгінгенін хабарлады.

"Күдікті анықталды, алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция құжаттарды тексеріп, ауызша мәмілелерге келіспеуге және ресми растаусыз "тартымды ұсыныстарға" елітпеуге шақырады.

"Ресми келісімшартсыз және растайтын құжаттарсыз ақшаны қолға бермеңіз. Ауызша уәделерге, тіпті таныстарға да сенбеңіз, жазбаша кепілхат талап етіңіз. "Таныс арқылы" немесе "арзан" деген ұсыныстардан сақ болыңыз, бұл - алаяқтықтың жиі кездесетін айласы. Кішкене күмән туса, адвокатпен кеңесіңіз немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз". Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін БҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі