БҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

Арнайы жасақ, БҚО, алаяқтық, ұстау, операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 19:51 Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық әрекетке барған екі ағайынды азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер 68 жастағы зейнеткер әйел адамның сеніміне кіріп, оны алдап, 830 мың теңге ақшалай қаражатын иемденген. Олар бір-бірін бұрыннан таниды екен.


"Күдіктілердің бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, мұқият болуды және кез келген алаяқтық деректері бойынша құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарласуды сұрайды", делінген хабарламада.

Бұған дейін алматылық тұрғындар 1800%-дық кіріске елітіп, 230 миллионнан астам қаражатынан қағылғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: