Оралда есірткі саудасымен айналысқан екі күдікті студент анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 16:54 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент қызды ұстады.

Жеке тексеру кезінде қыздардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат салынған 25 түйіншек табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бұл қылмысты бірлесіп жасаған және осылайша жеңіл табыс табуды көздеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция есірткіге қатысты құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас екенін ескертеді.

Мұндай әрекеттер жасөспірімдердің өмірін құртып қана қоймай, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: