Маңғыстау облысында полиция есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 09:57 Фото: pxhere
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 32 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ол Telegram мессенджері арқылы аса ірі көлемде мефедрон синтетикалық есірткісін таратумен айналысқан.

Тінту барысында күдіктінің өзімен бірге синтетикалық есірткі мен оны жасырып кету жұмысына қатысты мәліметтер сақталған телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау, сату мақсатында) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: