Көлік полицейлері есірткі жасырумен айналысқан күдіктіні ұстады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 11:07 Фото: pexels
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Қарағанды көлік прокуратурасының келісуімен, Қарағанды – Қарағанөзек теміржол өткелінің аумағында психотроптық заттарды жасырумен айналысқан 34 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұсталған азаматтан аса ірі мөлшердегі, яғни, жалпы салмағы 500 грамнан асатын мефедрон психотроптық заты тәркіленді, сонымен қатар электронды таразылар, изоленталар, зип-пакеттер мен есірткіні бөліп салуға арналған әртүрлі ыдыстар алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: