Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Күдікті ұсталды, Атырау, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 20:03 Сурет: Zakon.kz
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора" жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.

"Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайтыны нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: