Ақтөбеде интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындары ұсталды

Ұсталғандардың бірі ақпан айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада төмен пайызбен несиелерді рәсімдеуге көмектесу қызметін ұсынғаны анықталды. WhatsApp мессенджерінде хат алмасу барысында жас жігіт жәбірленушілерді алдап, ақшаларын заңсыз иеленген.
Қазіргі уақытта күдікті жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында ақпан айында OLX.KZ платформасын пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті әйел анықталды. БҚО тұрғыны пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарлама орналастырып, WhatsApp мессенджері арқылы хат жазысу барысында жәбірленушіні толық алдын ала төлем жасауға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысты тоқтатқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстық әрекеттерге қатысының бар-жоғы да тексеріліп жатыр.