Алматылық тұрғындар 1800%-дық кіріс үшін 230 миллионнан астам қаражатын жоғалтты
Фото: freepik
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша департаменті кезекті қаржы пирамидасы - Boxy Wealth қызметінің жолы кесілгенін мәлімдеді. Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, ұйымдастырушылар салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.
Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.
"Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған",- делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.
"Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда",- деп мәлімдеді ведомство.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Алматы облысында 58 келіден астам марихуана тәркіленгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript