Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМА Михаил Бойкоға салық төлеуден жалтарған және ақшаны жылыстатқаны үшін іздеу жариялады

ҚМА Михаил Бойконы салық төлеуден жалтарған және ақшаны жылыстатқаны үшін іздеуге салған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 12:40 Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша департаменті Михаил Адамович Бойкоға іздеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМА Алматы қ. бойынша департаменті ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичты (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіруде.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде.

Бойко М.А. балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.


Сонымен қатар былай жазылған:

Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз.

  • +7-701-218-05-23,
  • +7-701-121-47-65 — азаматтарды іздестіру бойынша,
  • +7-7272 — 79-29-56 — кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік береміз.

2024 жылдың 6 тамызында ҚМА Ақтөбе облысында шикі мұнайды заңсыз өндірген "Сайгак Казахстан Б.В." компаниясы филиалының бас директорының орынбасарына қатысты үкім шығарылғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: