Елімізде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесі өзгерді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қорғаныс министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі бұйрықпен әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке (әскери жиындарға), сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландыруды жүргізумен айқындалатыны нақтыланады.

Медициналық куәландыру жүргізіледі:

Мерзімді әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ЖАО медициналық комиссиясы жүргізеді.

Медициналық куәландыру жүргізілгенге дейін ЖАО медициналық комиссиясының маман-дәрігері куәландырылушының жеке басын куәландырады.

Азаматтарды медициналық куәландыру барысында:

Мерзімді әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына оқуға түсетін азаматтарға медициналық куәландыруға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын:

Медициналық куәландыру күні бойын, дене салмағын өлшеу және дене салмағының индексін анықтау жүргізіледі.

Флюорограмма (рентгенограмма) куәландырылушының жеке ісінде оның әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін болады, одан кейін тиісті медициналық ұйымға қайтарылады, олар флюорографиялық үлдір түрінде немесе электрондық жеткізгіште бір жыл бойы сақталады.

Медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың денсаулық жағдайында ауытқу анықталған кезде аурудың (немесе дене бітімінің кемістігі бар) диагнозын нақтылау және (немесе) денсаулық жағдайын айқындау мақсатында ЖАО-ның медициналық комиссиясы "Кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексеруге (емделуге) мұқтаж" деген қорытынды шығарады. Тексерілуден (емделуден) қайтып оралғаннан кейін азамат қайта медициналық куәландырылуға тиіс. Егер әскерге шақыру комиссиясының жұмысы аяқталғанға дейін азаматты тексеру (емдеу) аяқталмаған жағдайда аталған азаматты медициналық куәландыру азаматтарды әскери қызметке шақырудың келесі кезеңінде жүргізіледі.

Тексерілуге (емделуге) мұқтаж деп танылған азаматтар қорғаныс істері бөлімінде (басқармасында) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) әскери қызметке уақытша жарамсыздар тізімі бойынша немесе әскери қызметке шамалы шектеумен жарамдылар тізімі бойынша есепке алынады. Олар туралы мәліметтер әскерге шақыру комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде медициналық ұйымға және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына беріледі.

Медициналық ұйымның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару жергілікті органының басшылары көрсетілген тізімге сәйкес азаматтардың уақтылы тексерілуін (емделуін) қамтамасыз етеді.

Тексеру және (немесе) емдеу аяқталғаннан кейін медициналық ұйымның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару жергілікті органының дәрігері немесе жауапты адамы жеті жұмыс күні ішінде ҚІБ-ға (Б-ға) есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысанына сәйкес азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттарды жібереді.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде азамат медициналық ұйымға амбулаториялық немесе стационарлық тексерілуге (емделуге) жіберіледі.

Тексерілуге (емделуге) жолдамада нысан бойынша медициналық ұйымның атауы, алдын ала диагноз, нені нақтылау қажет екені және тексеру (емдеу) нәтижесімен қайта медициналық куәландыруға қайта келу мерзімі көрсетіледі. Азаматтарды медициналық ұйымда тексеру (емдеу) негізгі және қосалқы ауруды ескеріп жүргізіледі.

Жолдама азаматтардың қолына оларға әскерге шақыру комиссиясының шешімін жариялағанда беріледі. Жолдамаға әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі.

Тексеру (емдеу) аяқталғаннан кейін акт толтырылады, оған тексеруді (емдеуді) жүргізген дәрігер, бөлімше меңгерушісі және медициналық ұйымның басшысы (бас дәрігер) қол қояды, медициналық ұйымның елтаңбалы мөрімен расталады.

Актіде зерттеудің зертханалық-аспаптық әдістері нәтижесі және негізгі және қосалқы диагнозды растайтын объективті деректер көрсетіледі.

Диагноз аурудың халықаралық жіктемесіне сәйкес қойылады, сондай-ақ аурудың немесе дене бітімі кемістігінің сатысы, теңелу кезеңі, зақымданған ағзаның (жүйенің) функционалдық бұзылуы көрсетіледі. Актінің бірінші данасы азамат әскери есепте тұратын ҚІБ-ға (Б-ға) жіберіледі, ол әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі.

Тексерілуден (емделуден) қайтып оралғаннан кейін азамат қайта медициналық куәландырылуға жатады. Егер қайта медициналық куәландырудан кейін азамат әскери қызметке уақытша жарамсыз немесе әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды деп танылса, онда ол әскери қызметке уақытша жарамсыздардың тізімі бойынша немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамдылардың тізімі бойынша есепке алынады.

Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды деп танылған азаматтарға ЖАО медициналық комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасына әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыдан кейін Талаптарға сәйкес әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін белгілейді.

Азаматта медициналық куәландыру нәтижесінде Талаптарға сәйкес әскери қызметке уақытша жарамсыздық көзделетін ауру анықталған кезде ЖАО-ның медициналық комиссиясы "______ айға әскери қызметке уақытша жарамсыз" деген қорытынды шығарады.

Әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды үш айдан алты айға дейінгі мерзімге шығарылады, егер Талаптарда өзгеше ескерілмесе, ол аурудың дәрігерлік-сараптама нәтижесі айқындалмаған кезде қайтадан шығарылады, бұл ретте уақытша жарамсыздық мерзімі жиынтығында он екі айдан аспайды.

Әскерге шақыру комиссиясының жұмысы (мерзімді әскери қызметке ағымдағы шақыру) аяқталғанға дейін азаматтарды тексеру (емдеу) аяқталған жағдайда әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылмайды және ЖАО-ның медициналық комиссиясы қайта медициналық куәландыруға келу күнін көрсетумен тексерілуге (емделуге) мұқтажы туралы қорытынды шығарады.

Әскери қызметке уақытша жарамсыздық мерзімі өткеннен кейін қайта медициналық куәландыру жүргізіледі және ЖАО-ның медициналық комиссиясы әскери қызметке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.

ЖАО медициналық комиссиясының қорытындысы нысан бойынша әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабына, әскерге шақырылушының есепке алу картасына жазылады.

Әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабына қысқаша анамнез, объективті зерттеу деректері, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижесі, диагнозы, сондай-ақ әскерге шақыру комиссиясының шешімі жазылады.

Әскери командаларға қабылданған азаматтарға облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жиын пунктінде организмінде есірткі затының болуына тестілеу жүргізіледі.

Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер әскери қызмет орнына келгеннен кейін алғашқы медициналық қарап-тексеруден өтеді. Алғашқы медициналық қарап-тексеру нәтижесінде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеруге кедергі келтіретін ауруы анықталған мерзімді қызмет әскери қызметшілері Талаптарға сәйкес медициналық куәландыруға жіберіледі. Медициналық куәландыруды госпитальдық ӘДК жүргізеді.

Маман-дәрігерлердің қорытындылары әскери қызметшінің медициналық кітапшасына, ӘДК қорытындысы – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘДК отырысының хаттамалары кітабына жазылады.

Денсаулық жағдайы бойынша оқуды жалғастыруға кедергі келтіретін ауру, мертігу болғанда, Талаптарға сәйкес мектепте оқитын азамат медициналық куәландыру үшін штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін (гарнизондық немесе госпитальдық) ӘДК-ге жіберіледі.

Мектепте оқитын азаматтар оқуға жарамсыз деп танылған жағдайда ӘДК қорытындысы штаттық ӘДК-де бекітілуге тиіс ауруы туралы куәлігімен ресімделеді. Бұл ретте әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды. Ауруы туралы куәлікте аурудың, мертігудің себептік байланысы туралы қорытынды көрсетілмейді.

Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оның ішінде шетел мемлекеттерінің әскери оқу орнына, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларға (әскери факультеттерге) оқуға түсетін азаматтарды және әскери қызметшілерді медициналық куәландыру.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жанындағы әскери кафедраларға (әскери факультеттерге) оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды оқу басталар алдында ЖАО медициналық комиссиясы жүргізеді.

Әскери кафедралар (әскери факультеттер) студенттерге әскери оқу орнына түсетін азаматтың медициналық куәландыру карталарын ресімдейді. Медициналық куәландыру басталғанға дейін Студенттер ЖАО медициналық комиссиясына медициналық құжаттарды ұсынады.

Студенттерді медициналық куәландыру процесінде денсаулық жағдайын анықтау және (немесе) ауру диагнозын нақтылау үшін қосымша зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері жүргізіледі.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, денсаулық жағдайы бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындауға кірісе алмаған жағдайда, оның емделуде болу мерзімі әскери-медициналық мекеменің қорытындысы негізінде әскер тегі қолбасшысынан, өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысынан және одан жоғары тікелей бастықтың шешімімен ұзартылады.

Куәландырылатын адам туралы мәлімет, диагноз бен ӘДК (медициналық комиссия) қорытындысы ӘДК отырысының хаттамалары кітабына, сондай-ақ:

Бұйрық 2025 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты