SIM-карталарды жалға беріп, миллиондап табысқа кеңелген ел азаматы тұтылды

Сурет: pexels
Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын тіркеп, оларды WhatsApp желісінде қосып, кейін Telegram арқылы жалға беріп отырған.

Алдын ала деректер бойынша, ол бірнеше айдың ішінде шамамен 35 абоненттік нөмірді жалға берген. Бұл қызметтен түскен жалпы табыс шамамен 5 млн теңгені құраған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оның белсендірген SIM-карталары арқылы алаяқтар Қостанай мен Тобыл тұрғындарын "Сізге сәлемдеме келді" деген схема бойынша алдап, 2 млн теңгеден астам залал келтірген.

Полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетте қолданылған құрылғылар мен SIM-карталарды дәлелдеме ретінде тәркіледі. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


"Мұндай схемалар — айтарлықтай қауіп төндіреді. Яғни, жалға берілген SIM-карталар жиі заңсыз мақсаттарда, спам таратудан бастап, анонимді түрде алаяқтық әрекеттерді үйлестіруге дейін пайдаланылады. Полиция ескертеді: басқа тұлғалар атына тіркелген SIM-карталарды жалға беру және пайдалану — Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады. Мұндай жағдайларда жауапкершілікке жалға беруші де, жалға алушы да тартылады". Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты