Павлодар облысында алтын мен күміс заңсыз өндірілген

Сурет: pixabay
Павлодар облысында жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жүргізген тексеріс барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған 12 кәсіпорын, оның ішінде экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқандары да анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсіресе, Баянауыл ауданында 2025 жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан "IBM Gold" ЖШС ерекше назарға алынды. Жалпы, жер қойнауын заңсыз пайдаланған 12 кәсіпорын анықталды. 8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды.

Аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды. Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.

Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді.

Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тиісті, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданды.

Бұған дейін археологтар Галилея теңізінің маңынан шамамен 1400 жыл бұрын жасалған сирек кездесетін алтын монеталар мен әшекейлер бар көмбені тапқанын хабарлағанбыз

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты