Түркістанда жол қозғалысы ережелерін бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды

Сурет: polisia.kz
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент тас жолының 667 шақырымында үйлену той кортежінен бірнеше автомобиль жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық автокөлік жалдаған. Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұза отырып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызған.

"Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды. Ал автомобильдер айыптұрағына қойылды. Сондай-ақ ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция барлық азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, сондай-ақ ереже бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді