ТЖ-дан зардап шеккен қазақстандықтарға тұрғын үй беру ережесі жаңартылды

Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м. а. 2025 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру Ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтар төтенше жағдай туындағаннан кейін аумағында төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы органға өтініш беріп, мынадай құжаттарды ұсынады:

Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және оның және олардың элементтерінің нақты жай-күйін, беріктігі мен орнықтылығын, ғимараттар мен құрылыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың беріктігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың тізімі өтініштер негізінде қалыптастырылады. Зардап шеккен азаматтардан өтініштер төтенше жағдай жарияланған күннен бастап екі ай ішінде қабылданады.

Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың қалыптастырылған тізімдері Қазақстан Республикасының азаматы өтініш берген күннен бастап айына кемінде екі рет жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Тұрғын үйсіз қалған және оны алуға мұқтаж азаматтардың тізімдерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік екі күн өткен соң аумағында табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жергілікті атқарушы орган төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия ұсынылған құжаттардың және жергілікті атқарушы орган қоса берген төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғынжайдың жай-күйі туралы зерттеп-қарау жөніндегі қорытындының негізінде оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы ұсынымдарды көрсете отырып, 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды ұсынады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту үшін:

Үлгілік жобалар бойынша тұрғын үй салу және сатып алу бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылады.

Бекітілген үлгілік жобалардың құны мен ауданынан асып кеткен жағдайда қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайдың салдарынан зардап шеккен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындаған елді мекендердің аумағында жергілікті атқарушы органның сатып алып, кейіннен өздеріне заңнамада белгіленген тәртіппен беруі үшін тұрғын үй іздеуді өздері жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Сатып алынатын тұрғын үйдің құны бекітілген үлгілік жобадан аспауға тиіс.

Тұрғын үй алған азаматтардың тізімі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-сайтында және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

Бұйрық 2025 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды