Астанада полицейлер заңсыз жұмыс істеп тұрған цехтан 180 қап ет тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Астанада арнайы іс-шара барысында полиция қызметкерлері ветеринарлық инспекциямен бірлесіп, заңсыз жұмыс істеп келген жасырын ет өңдеу цехын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында еттің өрескел антисанитариялық жағдайда, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамай өңделгені белгілі болды. Сондай-ақ ұйымдастырушыларда қажетті рұқсат құжаттары мен ветеринарлық анықтамалар болмаған.


"Тексеру нәтижесінде 5 жылқының, 24 ірі қараның және 13 ұсақ малдың тұтас еті, сондай-ақ ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар мен аспаптар табылды. Бұған қоса, 180 қап дайын ет өнімі тәркіленді. Аталған факті бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы бойынша тексеру жүргізілуде. Мал мен ет өнімдерінің шығу тегі анықталуда, оның ішінде олардың ұрланған-ұрланбағаны да тексерілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз тергендер ұсталғаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін