Жамбыл облысында қызын балағаттаған ер адам сотталып кете жаздады

Сурет: Zakon.kz
Сарысу аудандық сотында былапыт сөйлеу, кемсіту бабы бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Кикілжің әкесі мен қызы арасында туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2025 жылдың қазан айында Жаңатас қаласындағы пәтерінде масаң күйдегі ер адам өзінің туған қызына құрметсіздік танытып, оның атына былапыт сөздер айтқаны анықталды. Қыздың анасы полиция шақырып, содан кейін хаттама толтырылды.

Сотта Б. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіріп, қызынан кешірім сұрады. Жәбірленуші сотқа құқық бұзушымен татуласқанын және ешқандай қарсылығы жоқ екенін айтты.

Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі бойынша Б-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленуші мен құқық бұзушының татуласуына байланысты ӘҚБтК 64-бабының негізінде өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін СҚО-да 44 жастағы ер адамның ауруханада көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді