СҚО-да есірткі тасымалымен айналысқан күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Полицейлер Петропавл қаласына аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікке ілінген елорданың 35 жастағы тұрғыны басқарған Kia Cerato автокөлігін тоқтатып, күдіктіні ұстады. Көліктің жүк салғышынан төрт түйіншек табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сараптама олардың жалпы салмағы 608 грамнан асатын синтетикалық есірткі — альфа пвп және мефедрон екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Оралда полицейлер есірткі таратқан жас жігітті ұстағаны хабарланған.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды