ШҚО-да Facebook пен WhatsApp-та видео жариялаған азамат 650 мың теңге айыппұл арқалады

Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай аудандық сотында ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сүйенсек, азамат Ж. 2025 жылдың 18 сәуірінде Facebook және WhatsApp-тағы топта жарияланған видеодағы мәліметтер өзінің ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін, шындыққа сәйкес келмейтінін айтып, оларды жоққа шығару және моральдық зиянды өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Ашық сот отырысы барысында тараптар өзара келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, сотпен медиативтік келісім бекітілді.

"Медиативтік келісімге сәйкес: талап қоюшы талап арызынан бас тартты, жауапкер таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігін мойындап, талап қоюшыдан кешірім сұрады. Сонымен қатар, жауапкер талап қоюшыға моральдық зиян мен сот шығындарын өтеу үшін 650 000 теңге мөлшерінде өтемақы төлеуге міндеттенді", делінген сот хабарламасында.

Медиативтік келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай келетіндіктен, тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды. Осыған байланысты, сот азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Бұған дейін Павлодарда балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын жазғанбыз

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты