Балаларын терезеден лақтырып, өзі де секірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларын терезеден лақтырып жіберген әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс жабық сот отырысында қаралды.
"Сотталушы Х. есі дұрыс болмаған күйде балаларын (2024 және 2017 ж.т.) бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Соның салдарынан біреуі қаза тапты, екіншісі ауыр дене жарақатын алды. Х-ның қоғамға қауіпті әрекеттер жасау фактісі кәмелетке толмаған жәбірленушінің айғақтарымен, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді", делінген сот хабарламасында.
Прокурор сотталушыға қатысты психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды сұрады.
"Іс бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындысы бойынша Х. созылмалы психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсінуге және оны бақылауға қабілетсіз тұлға деп танылды. Сот Х-ның есі дұрыс еместігін, сондықтан ҚР ҚК-ның 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жатпайтынын сенімді түрде анықтады. Осыған байланысты Х-ға интенсивтi байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды".Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға 2025 жылы 30 шілдеде Павлодар қаласындағы Нұрмағамбетов көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болды. Әйел адам екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырған. Одан кейін өзі де секірген. Барлығы ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Бір жасар бала өмірі үшін ақ халаттылар екі күн күресті, бірақ оны аман алып қала алмады. Полиция қылмыстық іс қозғады. 14 тамызда тірі қалған екінші бала ауруханадан босап шықты. Сегіз жасар бала үйіне қайтудан бас тартты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript