Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың бірі көз жұмды

Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың бірі көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 12:03 Сурет: akorda.kz
Павлодарда 30 шілдеде болған қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген 1,5 жасар нәресте 1 тамыз күні кешке қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер қанша тырысқанымен, баланың алған көп жарақаты өміріне қауіп төндіріп, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Екінші бала, дәрігерлердің мәліметінше, ауыр жағдайда жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, әйел адам бесінші қабаттың терезесінен екі ұлын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Үшеуі де шатырдың күнқағарына құлаған.

Кейін полиция бұл оқиғаға қатысты кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау баптары бойынша қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді.

Балалардың анасы ауыр хәлде, бірақ жағдайы тұрақты екені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: