Ақмола облысындағы мектеп қазандығының жарылысы: Зардап шеккендердің бірі көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 11:13 Сурет: gov.kz
19 қарашада Ақмола облысында қазандық жарылып, ауруханаға түскен жұмысшының қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қарашада Аршалы ауданы Аршалы ауылында Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектептің жекелей орналасқан от жағатын орталығында қазандық жарылды.

Оқыс оқиға кезінде үш адам зардап шекті: шаруашылық жөніндегі меңгеруші, электр маманы және от жағатын жұмысшы. Олар ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған.

Білім басқармасы мектеп қазандығының жарылуы кезінде балалар зардап шекпегенін хабарлады. Олар қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Оқиға орнына білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: