Павлодарда спектакль қойылып жатқанда театр жұмысшысы көз жұмды
Сурет: teatrpavlodar.ru
Павлодарда қойылым қойылып жатқан кезде сахнаны әзірлеп, монтаждаушы жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz-нің хабарлауынша, А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрында сағат 18:40-та жексенбілік спектакль болып жатқан кезде ер адам өзін жайсыз сезініп, құлаған.
Көрермендерден залды босату сұралып, актерлер қойылымның екінші бөлігін орындауға сахнаға шықпады.
Драма театрының директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, 43 жастағы театр жұмысшысы тромбтың жарылуы кесірінен көз жұмған.
Жерлеу рәсімі 25 қаңтарға жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript