Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 23:22 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды. Жарақат алған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz. pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 шілдеде 04:34-те М.Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің бұрышында ер адамға пышақ сұққаны туралы хабарлама түскен.

35 жастағы тұрғын кеудесінен жарақат алып, ауыр жағдайда Сұлтанов атындағы ауруханасына жеткізілген. Сол жерде ер адам қайтыс болды. 

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: