Жамбыл облысында шетелдік тіс дәрігері сотталды

Сурет: pixabay
Теміртау қаласында стоматолог болып жұмыс істейтін шетелдік азаматы есірткіні сақтау және оны тасымалдау бабымен сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуалы аудандық соты ҚК 296-бабының 2-бөлігі, яғни "Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасымалдау" бойынша шетел азаматына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта Қарағанды облысының Теміртау қаласында стоматолог болып жұмыс істейтін сотталушы С. таксиде болған кезінде "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тас жолында полиция қызметкерлерімен тоқтатылғаны, қызметтік итпен тінту кезінде сотталушының сөмкесінен салмағы 0,41 грамм болатын марихуана есірткі заты табылғаны анықталды.

Прокурор сотталушыға айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы есірткі затын тауып алғанын және оны кейде қолданатындықтан, оны қолданып көру мақсатында алғанын түсіндірді. Ол кінәсін толығымен мойындай отырып, қатаң жазаламауды сұрады.

"Сот кінәні мойындауын, кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен С. ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 78 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды".Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Щучинскіде жасырын орынға есірткі қойып жатқан 18 жастағы жігіт ұсталғаны хабарланған.


Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты