Заңды тұлғаларды тіркеу: өзгерістер енгізілді

Сурет: freepik
Әділет министрінің м. а. 2025 жылғы 21 қарашадағы бұйрығымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес қабылданатын тіркеуші органның ішкі бақылау қағидаларында көзделген жағдайларда коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, ал заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу құрылтайшының жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

Құрылтайшының жеке қатысу қажеттілігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге электрондық өтініш берген кезде өтініште көрсетілген заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері жылжымайтын мүлік иесінің (меншік иелерінің) келісімімен расталатыны көрсетіледі.

Заңды тұлғаның орналасқан жері мекенжайының дұрыстығын тексеру Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.

Тексеру барысында "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде мекенжайдың болуы және ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына сәйкес көрсетілетін объектінің санаты айқындалады.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды қайта тіркеу ережелері құрылтайшының жеке қатысу қажеттілігі туралы тармақпен толықтырылды.

Бұйрық 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі