"Қызымның аяғы ауыр" деп қулыққа бармақ болған елордалық жастың басы дауға қалды

Сурет: freepik
26 қарашада Қосшы қаласының полиция бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Әйел белгісіз адамдар ұлынан 2 миллион теңгеге жуық ақша бопсалап жатқанын жеткізді. Алайда, бұл оқиғада бір-біріне қиюы келмейтін тұстар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әу баста, әйел адам полицияға ұлының өзінен үлкен соманы талап еткен ер адамдар туралы айтқанын жеткізген. Бірақ көп ұзамай жас жігіттің өзі полицияға басқа нұсқаны айтқаны белгілі болды: өзінен жүкті болған қыз 680 мың теңге төлеуді талап еткен, сонымен қатар ол досының қымбат телефонын кепілге қойған.

Тексеру барысында бұл айтылғандардың ешқайсысы расталмады.

Әрі қарайғы тексеру барысында бопсалаушылар да, жүкті қыз да болмай шықты.

Сөйтсе Қосшының 18 жастағы тұрғыны қараша айының басында достарымен бірге автокөлікті жалға алған, ол үшін күн сайын 50 мың теңге төлеу қажет болған. Қарыз тез өсіп, үшеуі қаржылық мәселелерін ата-анасынан жасыруға шешім қабылдайды. Ақшаны алу үшін олар "бопсалаушылар" мен "қарыздар" туралы әртүрлі әңгімелер ойлап шығарды.

Енді алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қатысушыларға қатысты заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады.

Айта кетсек, Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы оқиғасы сотқа дейін жетті.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді