Оралда танысының көлігін айдап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

Сурет: polisia.kz
Оралда полиция қызметкерлері автокөлікті ұрлау қылмысының бетін ізін суытпай ашты. Шамамен сағат 05:00-де "102" қызметіне Hyundai көлігінің иесінен хабарлама түсті. Ол өзінің көлігін бөтен бір қыздың айдап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай ер адам түнгі клуб жанынан таныс қызды жолықтырып, оны үйіне апарып салуды ұсынған. Қыз көлікке отырғанда ол басқа танысымен амандасып, сыртта аялдаған. Сол кезде бойжеткен рөлге отырып, көлікті айдап кеткен.

"Күдікті оның ізіне түскенде қыз қашуға әрекет жасап, автокөлікті зақымдап, тағы бір көлікті соққан. Полиция қызметкерлері дереу қылмыскерді ұстады, ал ұрланған көлік иесіне қайтарылды", делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріс барысында қыздың орташа дәрежеде мас күйде екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңнамаға сәйкес оған тиісті шаралар қабылданды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережесін сақтау, мас күйінде рөлге отырмауға шақырады.

Бұған дейін Ақтөбеде такси жүргізушісінің көлігін айдап кеткен мас ер адам бас бостандығынан айырылғанын жазғанбыз.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды