Қазақстан қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуді жақсарту жөніндегі хаттаманы ратификациялады

Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Протокол 1999 жылғы 17 маусымда Лондонда қабылданған.

Құжаттың мақсаты – су ресурстарын тұрақты басқару арқылы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сумен байланысты аурулардың таралуын алдын алу және шектеу.

Протокол көпжақты құқықтық құжат болып табылады және оның мақсаттары тұрақты даму мақсаттарымен стратегиялық тұрғыдан сәйкес келеді.

Ғаламдық деңгейде бұл – су жеткізу, санитария, гигиена және денсаулық сақтау мәселелеріне басты назар аударылған алғашқы және бірден-бір келісім.

Протокол бойынша елдердің негізгі міндеттері:

Осылайша, Қазақстан Конвенцияның институционалдық құрылымына қосылып, қауіпсіз ауыз суды дайындау және жеткізу, сондай-ақ сарқынды суларды кәдеге жарату және қайта пайдалану саласындағы озық технологиялар мен білімдерге қол жеткізе алады, бірлескен қадағалау және ерте ескерту жүйелерін, Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеуге қатыса алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды