Шымкентте Мамандандырылған ХҚКО-дағы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 15 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сотта Мурашимовтың №2 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы лауазымын атқара жүріп, 2022-2024 жылдар аралығында өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, жол қозғалысы ережелерін білуге арналған тестілеу нәтижелеріне әсер ету мүмкіндігін пайдаланғаны, азаматтардан жүйелі түрде ірі мөлшерде заңсыз ақшалай сыйақы алып, оларды емтиханнан өткізуді қамтамасыз ету үшін тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны (бұдан әрі – ҰҚТ), бұл топқа сенімді адамдарын, яғни жұмыссыз болған екі азаматты және орталық мамандарын қосқаны анықталды. Соңғылар тестілеуден өтуге 80 000-400 000 теңге аралығында ақшаны төлейтін үміткерлерді тапқан. ҰҚТ жұмысы нәтижесінде 395 тұлғадан жалпы 56 млн теңгеден артық заңсыз сыйақы алынған. М. қылмыстық жолмен табылған ақшаның бір бөлігіне 12 млн теңгені құрайтын жылжитын мүліктерді сатып алған", делінген 22 желтоқсандағы сот хабарламасында.

Сондай-ақ, екі сотталушы ҰҚТ құрамына кірмей, тестілеу кезінде азаматтарға заңсыз көмек көрсеткендері үшін жүйелі түрде жалпы 9 млн теңгеден артық заңсыз сыйақы алған.

Прокурор жарыссөз сатысында сотталушы М-ны айыпталған баптармен кінәлі деп танып, алайда оны қайтыс болуына байланысты жазадан босатуды сұрады. Қалған сотталушыларға 4 жылдан 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Қорғау тарабы сотталушыларды ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру айыптауларында қылмыстардың құрамы болмауына байланысты оларды ақтауды сұрады.

Сот Мурашимовты ҚР ҚК-нің 247-бабының 3-бөлігімен, 218-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағымен, 262-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оны қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Қалған сотталушылар да кінәлі деп танылды:

Жылжитын мүліктер мемлекет меншігіне айналдырылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмысы 2025 жылы көктемде әшкере болған болатын.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін