Ақмола облысында полицейлер көлігі бұзылып, жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында 21 желтоқсанда, сағат 09:20-да Екатеринбург - Алматы тас жолының 988-шақырымында патрульдік экипаждың назары жол жиегінде бұзылып тұрған жүк көлігін байқайды. Көліктегі жүргізуші мен жолаушының Әзербайжан елінің азаматтары екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер көліктің бұзылуына ауа беру шлангының зақымдануы, сондай-ақ негізгі радиатордың істен шығуы түрткі екенін, мұндай жағдайда қозғалысты жалғастыру мүмкін еместігін анықтады.

"Полицейлер көмек көрсету мақсатында қажетті қосалқы бөлшектерді іздеу үшін Атбасар қаласына бару туралы шешім қабылдады. Алайда, демалыс күні болғандықтан, автокөлік бөлшектерін сататын дүкендердің басым бөлігі жабық болып, іздеу жұмыстары шамамен екі сағатқа созылды. Нәтижесінде полицейлер дүкендердің бірінің иесімен келісімге келіп, қажетті бөлшектерді сатып алды. Полиция қызметкерлері жүргізушілердің жанында болып, қолдау көрсетіп, қажетті көмекті толық көлемде қамтамасыз етті. Шетелдік жүргізушілер полиция қызметкерлеріне бейжай қарамай, қиын жол жағдайында көмек көрсеткендері үшін шынайы алғыстарын білдірді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін 21 желтоқсанда Қостанай облысында халықаралық бағыттағы автобус бұзылып, шетелдік азаматтар эвакуацияланғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді