Жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығымен орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, облыстардың жергілікті атқарушы органдары облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан алынған деректерді жинақтау арқылы облыстық тізілімдерді жүргізеді.

Тізілімге мынадай:

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу энергетикасы саласындағы қызметті жүргізетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына мәліметтерді көрсете отырып, құрылтай құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өз қызметінің басталғаны туралы еркін нысанда жазбаша хабарлама жібереді.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жылумен жабдықтау субъектісінен хабарламаны алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал электрондық құжат айналымы жүйесі болған жағдайда 5 жұмыс күні ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізілімдеріне мәліметтерді енгізеді және ай сайын 15 күнге дейін қалыптастырылған тізілімдерді облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

Қалыптастырылған тізілімдерді алған күнінен бастап, облыстардың жергілікті атқарушы органдары 10 жұмыс күні ішінде облыстық тізілімдерді қалыптастырады және оларды облыстардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында 2 жұмыс күні ішінде жариялайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 1 қазанға дейін тиісті тізілімдерді жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

Жылумен жабдықтау субъектілері жылумен жабдықтау жүйесіне тиесілігіне байланысты тізілімнің екі бөлімінің (орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі) біреуінде көрсетіледі.

Тізілімде жылумен жабдықтау субъектілері туралы мынадай ақпарат көрсетіледі:

- ұзындығы (магистральдық және таратуға деп бөле отырып); төсеу әдісі (жерүсті, жерасты);

- пайдалануға берілген жылы;

Тізілімдегі ақпарат республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау субъектілеріне жазбаша сұрау салу жіберу арқылы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін өзектілендіруге тиіс.

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының сұрау салуы бойынша жылумен жабдықтау субъектілерінің ақпарат беру мерзімі сұрау салуды алған күнінен бастап кемінде 10 жұмыс күнін құрайды.

Құрылыс кезеңіне берілгенді қоса алғанда, берілген техникалық шарттарға сәйкес тұтынушылардың (жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын) жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асқан кезде жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің меншік иесі осындай асып кету кезінен бастап 3 ай ішінде тізіліміндегі жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі мәртебесін орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі мәртебесіне өзгерту үшін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарға өтініш береді.

Мыналар:

Жылумен жабдықтау субъектілері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар басталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды