Алматыда автобуста жанжалдасқан екі ер адамның бірі қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Алматыда қоғамдық көлікте болған оқиғаның видеосы тарады. Ер адамдардың жанжалы полицияның да назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжалға қатысушылардың бірі мас болғаны анықталды. Қалалық ПД құқық бұзушыны тауып, полиция бөліміне жеткізілгенін нақтылайды.

"Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материал жиналып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуальды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары әсіресе адамдар көп жиналатын орындарда болған агрессияның, басқаларға құрметсіздік танытудың және қоғамдық тәртіпті бұзудың кез-келген көрінісі қатаң түрде ауыздықталатынын атап өтті.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын сақтауға, айналасындағыларды құрметпен қарауға және қаладағы қауіпсіздік пен тәртіп әркімнің жауапкершілігіне байланысты екенін есте сақтауға шақырады. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды