Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі ҚХА мен Ұлттық құрылтайдың функцияларын орындауды жалғастырады

Сурет: Telegram/consud.kz
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы "бірнеше жыл бойы мұқият қалыптастырып келе жатқан саяси құрылымның үйлесімді түйіні" ретінде тарихи әрі маңызды ұсыныс айтты.

Президент бірқатар елдерде бар вице-президент институтын енгізуді ұсынды. Мемлекет басшысының өзі атап өткендей, "біздің жағдайымызда бұл лауазымды енгізу мемлекетті басқару процесін тұрақтандырады. Сондай-ақ билік иерархиясын біржола айқындап береді".

Сонымен қатар реформалардың жаңа кезеңінде қоғам дамуының барлық мәселесіне қатысты тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құру ұсынылды.

"Аталған орган халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға ықпал ететін негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады. Осы екі маңызды институт бойынша негізгі ережелер Конституция деңгейінде тиісті регламенттеуді талап етеді". Ержан Жиенбаев

Халық Кеңесінің мәртебесін Конституцияда бекіту мақсатында онда жеке бөлім көздеу ұсынылады.

Біріншіден, Халық Кеңесі Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін мемлекетіміздің жоғары консультативтік органы екендігі туралы норманы көздеу қажет. 

Құрамы Қазақстан Республикасы азаматтары қатарынан Мемлекет басшысы тарапынан қалыптастырлатындығын қамту керек.

Сондай-ақ:

Сонымен қатар Президент Халық Кеңесі заң шығаруға бастамашылық ету құқығына ие болуы қажеттігін атап өтті. Бұл да Конституцияда бекітілуге тиіс.


"Халық Кеңесінің құрылу, құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру мәселелері бөлек конституциялық заңмен айқындалатын болады. Халық Кеңесінің жоғарғы органы жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия болады. Осылайша, Халық Кеңесі Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Ұлттық құрылтай тәрізді тұрақты жұмыс істейтін орган болмайды". Ержан Жиенбаев

Бұған дейін Астанада бүгін, 2026 жылы 24 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталғаны хабарланған. Сондай-ақ Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атаған болатын. Ал Мемлекеттік кеңесші - Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин жұмыс тобының конституциялық реформаға қатысты ұсынған жаңашылдықтарын атады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды