Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия, отырыс, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 14:05 Сурет: Telegram/consud.kz
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова жетекшілік етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комиссия төрағасының орынбасарлары болып мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болып айқындалды.

Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлік қоғамдық кеңестердің, сараптамалық және ғылыми қауымдастықтардың өкілдері кіреді.

Отырысты ашқан Эльвира Әзімова 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты халыққа Жолдауында жасанды интеллект дәуірінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң ықпал ететін жаңа саяси реформаны жариялағанын еске салды.

"Мемлекет басшысы "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы негізінде елімізде бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. Өздеріңізге белгілі, парламенттік реформаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы қазан айынан бастап белсенді жұмыс атқарды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен сарапшылар, саяси партиялар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Осы уақыт аралығында жұмыс тобы барлық ұсынымдарды мұқият зерделеп, жүйеледі, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен ұсыныстарды жан-жақты талдады. Азаматтар өз ұсыныстарында тек бір палаталы Парламент мәселесін ғана көтерген жоқ. Осыған орай, Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылдады", - деді ол.

Бұған дейін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: