Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР Конституциялық сотының баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 24 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтетінін айтып, маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей беріледі:
- Конституциялық соттың Telegram арнасында;
- Конституциялық соттың Facebook-тегі парақшасында;
- Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның Telegram арнасында.
Сондай-ақ Jibek Joly және 24KZ телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Тікелей эфир сағат 14:00-де басталады.
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия немен айналысады және оның құрамына кімдер кіретінін мына арадан оқи аласыздар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript