Максим Рожин: Халық кеңесі — ұлттық диалогтың жаңа форматы

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Максим Рожин Ата Заңға енгізу ұсынылып отырған бірқатар өзгерістерді қолдайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшы Халық кеңесін құру және вице-президент институты қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жүйелі деңгейге шығарады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі қоғам белсенді әрі талапшыл сипатқа ие, ал шашыраңқы қоғамдық алаңдар мен диалог форматтары әрдайым жалпыұлттық мүддені толық қамти бермейді. Сондықтан ол Халық кеңесі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын Конституция деңгейінде тұрақты тетікке айналдыратынын атап өтті.

Оның пікірінше, бұл құрылым түрлі дағдарыс жағдайларында қоғамның ұстанымын ескеретін әрі мемлекеттік шешімдер қабылдауда халықшыл алаң қызметін атқарады.

"Халық кеңесі — ұлттық диалогтың жаңа форматы. Бұл - қоғамның заң шығару үдерісіне тікелей қатысуына мүмкіндік беретін конституциялық тетік. Осы сипаттағы конституциялық түзетулер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, қоғамдық диалогтың орнықты механизмін қалыптастырады", - дейді Мәжіліс депутаты.  

Сонымен қатар, ол Халық кеңесінің құрамына этностардың, өңірлердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретінін баса атап өтті. Бұл - кеңесті мемлекет пен қоғам арасындағы көпірге айналдыру және нақты шаралар арқылы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Максим Рожин ұсынылған өзгерістер "Күшті президент – ықпалды Парламент – есеп беретін үкімет" қағидатын толықтыратынын айтып, комиссия мүшелерін осы бастамаларды қолдауға шақырды.

Бұған дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев 2026 жылғы 26 қаңтарда конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысы кезінде сот шешімінсіз ұстау шегін қайта қарау туралы ұсынысқа қатысты берген түсініктемесі жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды