Өлім жазасына тыйым салуды Конституция деңгейінде бекіту ұсынылды

Сурет: gov.kz
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 29 қаңтардағы отырысында Ата Заңда адамның өмір сүру абсолютті құқығын бекітіп, көрсету неліктен маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сергей Пономарев комиссия мүшелерінің міндеті Конституция нормаларын қайта жазу емес, оларды бүгіннің шынайы жағдайына сай екшей отырып, жақсарта түсу екенін баса атап өтті.

"Әділетті мемлекет институттар сапасымен ғана емес, ең алдымен адамның негізгі құқықтарын конституциялық сипатта қорғау деңгейімен де өлшенеді. Олардың қақ ортасынан өмір сүру құқығы орын алады. Бұл - бүкіл құқықтар мен бостандықтар жүйесінің ең жоғары құндылығы мен негізі. Осыған байланысты өмір сүру құқығының абсолютті сипатын Конституцияда бекіту қажеттілігі туралы ұстаным қолдауға лайық. Мына норманы Ата Заңда бекіту ұсынылады: "Өмір сүру құқығы - әр адамның абсолютті және ажырамас құқығы. Ешкімнің ерікті түрде адам өмірін қиюға құқығы жоқ". Ең бастысы: "Өлім жазасына тыйым салынады", - деді ол.

Депутаттың пікірінше, бұл Ата Заңның гуманистік сипатын күшейтеді және Әділетті Қазақстан қағидатына мазмұнын нақтылай түседі.

Бұған дейін Конституциялық реформа комиссиясының отырысында республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы Мәди Мырзағараев жаңа Конституция туралы мәселені қарастыруды ұсынған болатын.

Астана
Пономарев Сергей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды