Ұлытау облысының полициясы жастарды заң талаптарын сақтауға, есірткіден аулақ болуға шақырды

Сурет: pexels
2025 жылы Ұлытау облысында 110 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл туралы Сәтбаев қаласында Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында өңір полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен есірткіге қарсы профилактикалық форумда айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

500-ден астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері, яғни жасөспірімдер қатысқан форумда Сәтбаев қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Арман Садықов сөз сөйлеп, өңірдегі есірткіге қатысты ахуалға тоқталды.

"2025 жылы Ұлытау облысында 110 есірткі қылмысы тіркелген. Атап айтқанда, есірткі құралдарын сату бойынша 31 дерек, сақтау бойынша 67 дерек, заңсыз жарнама, өсіру, контрабанда және өзге де қылмыстар анықталған. Сонымен қатар 64 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, оның басым бөлігі есірткіні медициналық емес мақсатта қолдану фактілеріне қатысты болған", - деді ол.

Сондай-ақ заңсыз айналымнан 138 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде марихуана, гашиш және мак сабаны бар.

Полиция подполковнигі Арман Садықов өз сөзінде есірткінің жасөспірімдер өміріне төндіретін қауіп-қатеріне ерекше тоқталып, мұндай қылмыстардың алдын алу, ең алдымен, профилактика мен түсіндіру жұмыстарына байланысты екенін атап өтті. Ол жастарды заң талаптарын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және саналы таңдау жасауға шақырды.

Бұған дейін Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады